Елге биыл қандай мамандар көп келді?

Биыл қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға 13,7 мың адам келді, бұл былтырмен салыстырғанда 87,3 пайызға артық. Сонымен қатар, елден 7 мың адам шыққан. Бұл 2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 43,3 пайызға аз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz деректеріне сілтеме жасап.

Кеткен азаматтар саны тұрақты түрде азайып келеді, ал келгендер саны 2021 жылдан бастап артып келеді. Қалалардан кеткендердің саны 5,5 мың адам (45,4 пайыз кем), ауылдардан 1,5 мың адам (33,5 пайыз кем) болды.

Қалаларға келгендердің саны 10,1 мың адамға жетті (былтырғыдан 2,3 есе көп), ауылдарға 3,5 мың адам келген (өсім 23 пайыз).

Өңірлер арасында Қостанай облысында көп адам кеткен: 1,1 мың адам. Былтырмен салыстырғанда 25,7 пайызға аз. Екінші және үшінші қатарда Қарағанды (820 адам, жылына 50 пайыз кем) және Павлодар (645 адам, жылына 56,7 пайыз кем) облыстары тұр. Ең азы Қызылорда облысында, бар-жоғы - 31 адам, өсім 40,9 пайыз.

Келген халық саны бойынша Алматы көш бастап тұр, жарты жыл ішінде оңтүстік астанаға 3 мың адам қоныстанды. Былтырға қарағанда бірден 2,3 есе көп. Алдыңғы қатарлы үш өңірге Маңғыстау (2,2 мың адам, жылына 23,8 пайыз) және Алматы (1,1 мың адам, 15,3 пайыз) облыстары кіреді.

2023 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанға келгендер арасында ең көбі "техниктер" болды. 2,2 мың адам, бұл былтырмен салыстырғанда 3,4 есе көп.

Одан кейін елге келгендердің арасында экономистер саны - 1,1 мың адам, педагогтар - 530 адам, дәрігерлер - 331 адам, заңгерлер - 323 адам, сәулетші-құрылысшылар - 207 адам.

Сонымен қатар, мың техник, 477 экономист, 351 педагог, 176 дәрігер, 128 заңгер, 59 сәулетші құрылысшы елден кеткен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT