Елеулі шешім қабылданды

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктелді. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жол­дауында қойған міндеттерге назар аударыл­ды.

«Мемлекет басшы­сы цифр­лық қалыпқа көшу арқылы эконо­ми­каның барлық салаларын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс», деді О.Бектенов.

Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бір­қатар шешім қабылданды. Тиіс­ті мемлекеттік органдарға нақ­ты тапсырмалар берілді. Осы жыл­дың 15 қарашасына дейін ден­саулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізе отырып, отандық стартаптардың шешімдерін енгізуді қамтамасыз ету ләзім. Сондай-ақ осы жылдың 20 желтоқсанына дейін денсау­лық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені «Qaztech» базасындағы интеграцияланған 2 плат­формаға біріктіру керек.

Сонымен қатар осы жылдың 1 жел­­тоқсанынан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті техно­логияларын енгізу қажет. Бұлар­мен бірге биыл 20 жел­тоқсанға дейін елдің отын-энер­гетикалық кешенін­де Ақп­араттық қауіпсіздіктің салалық орталығының жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Алдағы уақытта денсаулық сақ­тау саласында НҚА-ға өзгерістер ен­гізу негізінде ЖИ дамитын бола­ды. Бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобалар­ды енгізуге себепші болады. Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассис­тент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды  ерте анықтау бо­йынша функционал іске қосылмақ.

Осы жылдың соңына дейін 7 ақпарат­тық жүйе 2-ге біріктіріле­ді. Осын­дай жұмыспен салада жұ­мыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қам­тылады. Осылайша, бірін-бірі қай­талайтын жүйелер шоғыр­ландырылады. Бұл шара меди­циналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүк­темесін азайтады.

Энергетика саласына жасанды интел­лекті технологияларын енгізу, электр және жылу желілерін диаг­ностикалау үшін дрондарды пайдалану ақауларды дәл анықтай оты­рып, объектілерді қысқа мер­зімде толық тексеруді қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қалалық инфрақұрылым­ды тексеру үшін құбырлардың бо­йымен қозғалуға қажетті датчиктермен жабықталған арнайы құрылғыларды пайдалану мен инфрақұрылымның қазіргі жағдайын ішкі жағынан тексеру жоспарланып жатыр. Бұл шаралар мониторингке, уақтылы ден қоюға, ақаулардың бірыңғай базасын және сыни дәрежелерге бөлінген жөндеу жоспар­­ларын қалып­тастыруға бағыт­тал­ған. Жасан­ды интеллек­­тіні енгізу еңбек шығынын азайтады, энергиямен тұрақ­ты жабдықтауға әрі жылыту маусымының ойдағыдай өтуіне ықпал етеді.

Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын құру энерге­ти­калық жүйенің киберқауіп­сіздік саласындағы шараларын күшейте түседі. Орталық мамандары саланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның ерекшелігін ескере отырып, энергетикалық объекті­лер­ге қойылатын жаңа талаптарды әзірлейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT