Елдің азаматы ​

Наурыз айының осы бір шуақты күнінде елімізде саяси науқан өтті. Бұл сайлау Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын өрістетеді, халықтың ауқатты, алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды деген сенімдемін.

​Өзім іні ретінде қадірлейтін сыйлас адамдар көп. Солардың бірі – Атыраудың азаматы Әділ Жұбанов. Олүлкен әулеттің өкілі. Тәрбиелі ұстаздың перзенті. Қарапайым отбасында дүниеге келіп, еңбекпен ер жеткен тұлға. Әділ білімді, білікті, кісілігі зор, ел, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне білетін азамат. Оның үгіт-насихат кезеңінде қасында сапарлас болдым. Жылыой, Қызылқоға аудандарында өткен кездесулерінде халық жылы қарсы алды.

Әділдің Атырау жұртына жасаған қамқорлығы, өзінің ауылына, жетім мен жесірді қолдаған қайырымды істері, жас студенттердің жылдық оқу ақыларын төлеп бергені халықтың жадында. ​Сонымен қатар, құрылысшы ретінде істеп жатқан жобалары мені ерекше қуантады. Ол әдебиет пен өнерді жақсы түсініп, әңгімелескенде зерделі пайымдай біледі. Бүгін,міне, Әділ Жұбановтай қайраткер азамат депутат болып сайланып, маңдайы жарқырап оза шапқан екен.

Мен оның алдағы қолға алған барлық бастамаларына тілекшімін. Парламент төрінен орыналған өзге де азаматтар бірін-бірі толықтырып, елге адал, жұртқа шынайы пайдасын тигізеді деп тілеймін.

Илья ЖАҚАНОВ,

композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның Еңбек Ері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT