Облыстық қоғамдық штаб мүшелері “Ұлттық индустриялық химия технопарк” арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы” АҚ қызметкерлерімен кездесті.
Олар ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен танысты.
-Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынып отырған бағдарламасы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталады. Үш қағидадан тұратын бағдарлама халықтың әл-ауқатын арттырып, азаматтардың жайлы өмір сүруіне бағытталған. Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану жұмыстарын жүйелі жүргізу - кезек күттірмейтін іс екенін айтты. Қ.К. Тоқаевты қолдау - болашақ үшін жасалатын маңызды әрі нақты қадам, - деді облыстық қоғамдық штаб жетекшісі А.Ідірісов.
Жиынға қатысушыларға Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы толық түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Әділетті Экономика құру жолында жиынға келгендердің сайлауға толық қатысуы қашанда маңызды.