Екі жылда 60 шақырым жол төселуге тиіс

Республикалық маңызға ие 277 шақырым тас жолдың бүгінде 60 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 6 шақырымға асфальт төселген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылыс жұмыстарына 300-ге жуық адам, 150-ден астам техника жұмылдырылған. Жоспарға сәйкес, Атырау-Астрахань тас жолының 60 шақырымдық құрылысын аяқтау екі жылға жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құрылыстың жағдайымен танысып, мердігер мекемеге бірқатар тапсырмалар берді.

3dc2e

- Бұл еліміздегі маңызы бар тас жолдардың бірі. Көршілес Ресей елімен байланыстыратын бұл тас жолмен көптеген көліктер қатынайды. Сол себепті бұл жолдың сапалы және уақтылы тапсырылуы қажет. Бұл жұмыстар оңтайлы іске асса, жолаушылар уақытын екі есе үнемдейді. Сонымен қатар, Ресеймен екі жақты қарым-қатынас нығайып, сауда-саттық саласы дамитын болады,-деді аймақ басшысы.

6c9

Атырау-Астрахань тас жолының ені 9 метр, конструкциялық қалыңдығы 65 см болады. Тас жолдың бойында орналасқан барлық елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, көлік тұрағымен қоса көпірлер салынбақ.

 

5

3

Тас жолдың 60 шақырымында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме, қалған 217 шақырым жолдың 80 шақырымын жөндеу үшін құжаттарды рәсімдеуде. Құжаттар реттелісімен жұмыстар басталатын болады.

 

Өңірлік коммуникациялар

қызмет

Сурет: ӨКҚ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика