Сарайшық ауылдық мәдениет үйінде орналасқан #223-те 1282 сайлаушы бар.
Дәл қазіргі уақытта 200-ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді. 100-ші сайлаушыға сыйлық берілді. Сайлауды бақылауға партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден 8 байқаушы және 1 кандидаттың сенімді өкілі қатысты.
Бұған дейін бұл сайлау учаскесінің дайындығын бақылаған халықаралық байқаушылар саяси науқанның ашылуына да қатысты.
ЕҚЫҰ байқаушылары сайлау барысында еш кедергісіз, ашық түрде жұмыс жасауға мүмкіндік алды.