ҮЕҰ есептерін қабылдау мерзімін ұзарту туралы

ҮЕҰ есептілігін қабылдау а.ж. 1 қаңтарынан бастап infonpo.gov.kz адресінен жаңа «Еsep.govtec.kz» цифрлық платформасына автоматты түрде бағытталумен жүзеге асырылуда.

       «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қызмет атқаратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынады.

       Сонымен қатар, жаңа порталдағы эксплуатациялық жұмыстар себебінен орын алған техникалық ақауларға байланысты а.ж. 13 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді қабылдау уақытша тоқтатылды.

       Осыған орай техникалық ақаулар мен ақпараттық жүйедегі қателіктер актісі негізінде есептілік мерзімі 2025 жылдың  21 сәуіріне дейін ұзартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT