Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық бағыттарды қамтыған бірнеше өзекті мәселелерді шешу қажеттігін баса айтты.

         Әсіресе әлемдік деңгейде өзекті болып отырған су тапшылығы елімізді де айналып өткен жоқ. Мемлекет басшысы су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екендігіне айрықша назар аудартты. «Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылатынын айта келе, сонымен қатар, Жолдауда өндіріс нысандарының қоршаған ортаға зиянды әсері тиіп жатқандығын, өндірісте жарақат алудың азаймай отырғандығын, кейбір фактілердің адам өміріне қауіп-қатерінің барын баса айтты.

         Сондай-ақ  мемлекет басшысының айтқан көп тапсырманың бірі азаматтардың табысын арттыру үшін келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып бекітілді. Бұл – Жолдауда Президент Ел әлеуеті айқын көрінетін әлеуметтік салаға келгенде, Мемлекет басшысы балалар мен жастарға айрықша тоқталды. Бастапқы білім беру капиталы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыстың түбегейлі қаралуын міндеттеді.

Жолдауда айтылған көп міндеттің ішінде «Отбасы банк» қызметін қайта қарау, басты назарды аудандар мен моно-қалаларға, ауылдарға аудару бар. Сондай-ақ ел ішіндегі 21 банктің қатарына бәсекені арттыру үшін сенімді деген үш шетелдік қаржы ұйымын тарту ұсынылды. Президент «аталған міндеттің бәрі үш жыл ішінде жүзеге ассын» деді.

Кемел келешегімізде саяси-экономикалық өзгерістерге бағдар беретін Жолдау көңілдерге сенім ұялатты.

 

Шынар Измагамбетова

Аудандық мәслихат депутаты 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521