Департамент бастығы учаскелік полиция пунктінің қызмет барысымен танысты

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал майоры Оңал Бекеев Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің жұмыс барысымен танысты. Халықпен күнделікті тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторларының қызметі, жүктемесі мен өзекті мәселелері назарға алынды. Кездесу барысында Департамент бастығы учаскелік инспекторлармен ашық форматта пікір алмасып, олардың ұсыныстары мен ой-пікірін тыңдады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруда учаскелік полиция қызметінің маңызы ерекше екені атап өтілді.
- Президент заң мен тәртіп мемлекет пен қоғамның ең басты қағидатына айналуы керектігін айқындап берді. Полиция қызметі азаматтардың мүддесіне бағытталып, ашықтық пен қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Тұрғындардың өтініш-шағымына жедел ден қою, профилактикалық жұмыстарды күшейту және сенімді диалог орнату басты міндетіміз  - деді, өңірдің бас полицейі Оңал Бекеев.

Сонымен қатар, учаскелік полиция пунктінің материалдық-техникалық жағдайы, қызметтік тәртібі пен профилактикалық жұмыстардың сапасы қаралды. Тұрғындармен кері байланысты күшейту, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша нақты міндеттер жүктелді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT