Департамент басшысы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен ЕРМАХАНБЕТОВ ЕРЛАН МЕЙРАМХАНҰЛЫ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды.

Ерлан Ермаханбетов Шымкент қаласының тумасы. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, экономикалық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2006 жылы ОҚММА-ның жастармен жұмыс жасау бойынша маманы қызметінен бастаған, сонымен қатар, А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Оқу-клиникалық базасында Жастар ісі бойынша сектор меңгерушісі болған.

2013-2015 жылдар аралығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының Халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы, кейінен бөлім басшысы болды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жүйесінде 2015 жылдан бастап жұмыс істеуде. 2015-2016 жылдарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Баспасөз хатшысы лауазымында қызмет атқарды.

2016-2019 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің бас сарапшысы,
бас консультанты қызметтерінде болды.

2019 жылдан бастап осы жаңа лауазымға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521