Дәрігерлер түтін мен жағымсыз иістен қорғану жолдарын айтты

Кеше, 20 қыркүйек күні Атырау қаласының тұрғындары күйік иісін сезіп, дабыл қаққан еді. Кешкі сағат 19:00 шамасында аспанды қара түтін басты. Оған қоса ұшқан күл де байқалған болатын.

- 20 қыркүйек 8:57 сағатта Кеңөзек ауылдық округінің Тасқала елді мекенінен Каспий теңізіне қарай 40 шақырым жерде қамыс өртенді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта әуеден сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.

Орын алған жағдайға байланысты дәрігерлер түтін мен жағымсыз иістен қорғану жолдарын айтты. Облыстық аурухананың штаттан тыс терапевт-дәрігері Гүлжан Сайынова күлдің көп мөлшерде ауада болуы тыныс алу мүшелерін зақымдайтынын жеткізді.

-Мұндай жағдайда мұрын мен өкпенің созылмалы ауруы өршуі мүмкін. Алайда, бұл күлмен үнемі және ұзақ уақыт тыныс алғанда ғана пайда болады. Егер сіз даладан өрттің иісін байқасаңыз, дереу терезелерді жабыңыз, үйде немесе кеңседе кондиционерді қосу керек. Физикалық күш салудан аулақ болуға тырысыңыз. Терең дем алмау үшін жүгірудің және жаттығудың қажеті жоқ, деді Г.Сайынова.

Сондай-ақ ол дәке маскасын және бір реттік медициналық масканы тағу иістен жартылай қорғайтынын, сондай-ақ мұндайда өнеркәсіптік респираторлар жақсы көмектесетінін түсіндірді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика