Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе оған қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін азаматтар қылмыстық жауаптылықтан босатылады, олар расталған жағдайда біржолғы ақшалай сыйақы нысанында көтермеленуі мүмкін.
Өткен жылы Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтардың өтініштері бойынша көптеген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады. Соңғы 2 жылда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалар үшін жалпы сомасы 59,7 млн теңгеге 277 тұлға ынталандырылды. Оның ішінде Атырау облысында 15 адам жалпы сомасы 2 575 490 теңгеге ақшалай сыйақымен марапатталды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлау, іздестіріліп жатқан адамның тұрған жері туралы ақпарат беру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болып есептеледі. Көтермелеу адам ұсынған ақпарат шындыққа сәйкес келген және кінәлі адамға қатысты болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енсе;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енді;
3) ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады. Азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді. Бұрын бұл қылмыс санатына байланысты жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта бұл туралы хабарлаған адам пара сомасына немесе залалға байланысты осы соманың 10% - на ие болады, бұл пара сомасы 1 мың АЕК-тен жоғары болған жағдайда қолданылады. Егер сыбайлас жемқорлық қылмысы 5 млн теңгеге бағаланса, онда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам 500 мың теңге алады". Ең жоғарғы сыйақы 4000 АЕК (11млн 668 мың теңге) Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады. Сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда сall-орталыққа 1424 нөміріне қоңырау шалуға болады. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Департаменттің Call-орталығына шамамен 12 өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштер сапалы әрі уақытылы қаралуда.