«Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Отырыста басқарма басшысы облыстық перзентхананың бүгінгі жай-күйін баяндады.
«2020 жылмен салыстырғанда перинаталдық орталыққа жүктеменің артқаны байқалады. Мәселен, емделу көрсеткіші 11,3%-ға, босану-10,4% - ға, оның ішінде мерзімінен бұрын босану 10,3% - ға өсті»,-деді ол.
А.Байдуәлиевтің айтуынша, жалпы, соңғы 3 жылда перинаталдық орталық үшін құрал-жабдықтар сатып алуға қаржыландыру артқан.
Айталық, 2021 жылы жергілікті бюджеттен 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп қаржы бөлінген. Сондай-ақ, басқарма басшысы заманауи көліктік кювез сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Ол жаңа туған нәрестелерді перинаталдық орталыққа жеткізу кезінде эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өкпені жасанды желдету құралдары бар. Жиын соңында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.
«Облыстық перинаталдық орталық жөндеу жұмыстары кезінде №2 облыстық ауруханасының модульдік корпусына ауыстыру мәселесі мұқият қаралсын. Облыстағы ірі стационарларда микробиологиялық зертханаларды ашу мәселесін шешіңіздер»,-деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Айта кетейік, аймақ бойынша жүкті әйелдердің 53 пайызы облыстық перинаталдық орталықта босанады.