Аудан көлемінде өткен «Браконьер-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде барлығы 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 1 бөлімімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 2 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 13255 теңгеден барлығы 26510 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы 1 бөлімімен (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қорғау қағидаларын бұзу) 3 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы 1 бөлімімен (Азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу) 1 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 13255 теңге көлемінде айыппұл салынып уақтылы өндірілді.
Ауданның Атырау – Орал, Атырау – Астрахань және Атырау – Индер тас жолдарында балықты және балық өнімдерін заңсыз шығару, тасымалдау, сатып алу, сату және өткізу фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында, сондай-ақ базарларда бақылауды күшейтіп, ауданымыздың шалғайда орналасқан елді мекендеріне құрылған топтармен рейдтік шаралар бірнеше мәрте өткізілді.
Алайда қылмыстың құрамы бар фактілер анықталған жоқ.
Д.Расулиев аудандық ПБ-нің,
ЖПҚБ-нің учаскелік полиция пункітінде
жұмысты ұйымдастыруға жауапты учаскелік
полиция инспекторы, полиция капитаны