«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

Ағымдағы жылдың 8-16 ақпан аралығында аудан көлемінде ішкі істер органдары салған айыппұлдарды өндіруді арттыруға бағытталған «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтпек.

Аталған іс-шараның мақсаты – жергілікті, әкімшілік полиция қызметкерлерімен және жеке сот орындаушылармен бірлесіп, рейдтік шара ұйымдастырып, борышкерлерге айыппұлды мәжбүрлеп орындау болып табылады.

Алдағы уақытта салынған айыппұлдарды 7 күн ішінде 204106 есеп шотына 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болатынын ескерте отырып, төленбеген жағдайда салынған айыппұлдың сомасы толық көлемде төленетінін қаперлейміз.

Ж.Дюсешова,

аудандық полиция бөлімінің ӘПБ-нің инспекторы,

полиция капитаны

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521