Биыл терроризм туралы жалған хабарлама беру бойынша бес қылмыстық іс тіркелді

Бұл туралы Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірде күні бүгінге дейін терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша бес қылмыстық құқық бұзушылық ісі тіркеліп, екі іс сотқа жолданған.

-Қылмысты жасаудың себеп-салдары кәсіпорын немесе мекеменің жұмысын тоқтату және мектеп сабақтарын болдырмау болып табылады. Көп жағдайда адамдар қызықты әзілге айландыра берген жалған ақпарат әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылатындарын сезіне бермейді, деді А.Тайтуллин.

Сондай-ақ, қала прокуратурасы үй ішінде жарылғыш заттарды дайындауды үйрететін екі сайтты бұғаттағанын жеткізді.

Айта кетейік, ҚР қылмыстық кодексінің 273-бабында, яғни терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаған үшін ең қатаң жаза 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика