Биыл 20 мың жұмыс орны ашылады

Бүгін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында жыл басынан бері индустрияландыру саласында атқарылған шаралар туралы айтты.

"2019 жылдың бес айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп - 2%, тау кен секторы - 0,7%, өңдеу өнеркәсібі - 3,6% өсті. Өсім мынадай салаларды қамтамасыз етеді, ол - жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, мұнай өңдеу, түсті металлургия және химия өнеркәсібі. 2019 жылдың 4 айында өңделген өнім көлемі 5 млрд АҚШ долларын құрады. Жылдың бірінші тоқсанында өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 2750,1 мың теңгені құрады. Бес айда өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына 254,5 млрд теңге инвестиция салынды.

Биыл Индустрияландыру картасының 120 астам жобасын енгізу арқылы біз 1,1 трлн теңгеге 20 мың тұрақты жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Төрт айда жалпы құны 8 млрд теңгелік 10 жоба бойынша 317 тұрақты жұмыс орны құрылды",- деді Ержанов.

Вице-министрі Елбасының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасын бекіту керек екенін айтты.

Дереккөз: baq.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT