Биыл 100 млрд теңге бөлінген жоба белгілі болды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктер, облыс әкімдіктері және «Amanat» партиясының қатысуымен өңірлік даму жөніндегі жоба кеңсесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды AtyrauPress Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Кеңес барысында 2025 жылдан бері жаңа қағидатпен жүзеге асырылып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы мен Мемлекет басшысының тапсырмалары талқыланды. 2026 жылы жобаны жалғастыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге қарастырылып, оның 60 млрд теңгесі 600-ге жуық кооперативке бағытталады.

Ақмола облысында ет кластерін құру жобасы пысықталып, ауыл кәсіпкерлігін қолдау үшін «Amanat Nesie» жүйесі арқылы жеңілдікті несие беру тапсырылды.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» арқылы ауылдағы кооперативтерді дамыту және бюрократиялық рәсімдерді азайту көзделіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT