Ұлт пен ұлыстың татулығының арқасында, бүгіндемемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр. Бір шаңырақ астындағы ұлттардың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен Ата заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі сөзсіз.
Күні кеше мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында: «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз» , - деп атап өтті.
Азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлтаралық қатынасты нығайту бағытында Ассамблеяның рөлі зор екенін айта кеткеніміз жөн. Себебі, алпауыт елдердің өзі абдырап отырған тұста, Қазақстан халқы Ассамблеясы татулыққа ұйытқы бола білді. Ол ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі болып отыр.
Сессияда Ассамблея құрылған уақыттан бері азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңіргенін Президент те атап өтті.
– Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқаратынына сенімдімін. Бүгінгі сессияның міндеті – Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі орны мен рөлін анықтау, оны әрі қарай дамытудың бағытын белгілеу. «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» қағидаты саяси жаңғырудың іргелі компоненті деген пікірді ұстанамыз, – деді Мемлекет басшысы.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздіктұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымызтыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын!
М.Ещанов,
Бақсай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы