«Білім күні»: департамент бастығының орынбасары оқушылармен кездесті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Жакей Иманкулов №37 жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен кездесті. Шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу.

    - Балалардың мектепке барып, үйлеріне аман-есен оралуы – біздің басты мақсатымыз. Әрбір оқушы тек білім алумен шектелмей, өз тәртібіне де жауапты болуы тиіс. Қоғамдық орындарда әдеп сақтап, мұғалімдер мен ата-аналардың кеңестеріне құлақ асу қажет. Біз үшін ең қымбаты – сіздердің амандығыңыз, – деді полиция полковнигі Жакей Иманкулов.

Ол жасөспірімдерге қауіп тек жолда ғана емес, өзге ортада да туындауы мүмкін екенін атап өтіп, балаларға бейтаныс адамдарға сенбеу, интернетте жеке деректерін жарияламау, қорқыту әрекеттеріне жол бермеу, түнгі уақытта заңсыз іс-әрекеттерге қатыспау, әкімшілік жауапкершіліктің бар екенін есте ұстау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, әлімжеттікке жол бермеу, мәдениеттілік пен сыйластық қағидаларын ұстану қажеттігін түсіндіріп, құқық бұзушылыққа тап болғанда немесе куә болған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарласуды ескертті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT