Төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты маманы Н.Бердіғалиевтың айтуынша, оқиға кеше түнде орын алған.
Сиыр малдары Ақтоғай ауылының тұсындағы Жайық өзенінен мұздан өтем дегенде мұз жарылып, суға түсіп,мерт болған. Барлығы бес бас сиыр малы.
Хабар жетісімен аудан әкімінің нұсқауымен арнайы техникалар бөлініп,Төтенше жағдайлар бөлімінен 4 адам және Ақтоғай ауылдық округі әкімі, мамандары барлығы жұмылып, мал өліктері судан шығарылып, өлексені жоятын нысанға жөнелтілді.
Жайық-Ақпарат