Бекірені заңсыз тасымалдағаны үшін 1 жылға сотталды

Бекірені заңсыз тасымалдаған азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2020 жылғы 28 сәуір күні 16:35 шамасында пайдалануға тыйым салынған жалпы салмағы 4 килограмм бекіре тұқымдас балықтарын өзінің басқаруындағы «Тойота-Ипсун» маркалы автокөлігінде заңсыз сақтап, Таңдай тас жолы бойында, яғни Есмахан елді мекені тұсында тасымалдаған.

«Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-тің 339-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен байланысты лауазым мен қызметпен айналысу құқығынан айырумен, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды»,-деп хабарлады Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT