«Бекіре-2023»: Атырау облысында 14 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Атырау облысы аумағында ағымдағы жылдың 1 сәуір - 31 мамыр аралығында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын-алуға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде,деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс-шара кезінде Атырау облысы Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімі қызметкерлері әкімшілік түрде балық аулау қағидаларын бұзғандары үшін 14 әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады.

Сонымен қатар, Балық шаруашылық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп ҚР ҚК-тің  335-бабы 3-бөлігімен Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай елді-мекенінен 8 шақырым теңіз жағалауынан «Бударка» қайығын тоқтатып, тексеру барысында жалпы салмағы 228 кг құрайтын қара балық анықталып, күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда анықталған қылмыстық құрамы бар құқық бұзушылық №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының өндірісінде.

Қазіргі таңда Жайық-Каспий бассейнінде қылмыстық іс әрекеттерді болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету шаралары әрі қарай бөлім қызметкерлерімен жалғастырылуда.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT