Бейімбет ЗАЙДУЛЛИН, инвестор, саяхатшы: «Туризм саласында Өзбекстанға есе жіберіп тұрмыз»

Әлемнің 15 елін аралап, мол тәжірибе мен білім жинақтауды мақсат тұтқан Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылының тумасы, саяхатшы Бейімбет Зайдуллин бүгінгі күні отбасымен бірге Түркияның Ыстамбул қаласында тұрады.

Ауыл мектебін тәмамдап, Алматы қаласына оқуға түсіп, 19 жасынан бастап саяхаттай бастаған жерлесіміз, инвесторлықпен айналысып жүрген 27 жасар кәсіпкермен шетел және ішкі туризм, өзінің өмірлік ұстанымдары жайында сұхбаттасып, саяхаттағысы келіп жүргендер үшін кеңестер сұрағанбыз. Естеріңізге сала кетсек, Ақтоғай ауылының кіреберіс белгісін орнату жұмыстар осы жігіттің бастамасымен, ауылдастарының қолдауымен атқарылған болатын.

Бейімбет Мақсотұлы, өзіңіз жайлы және отбасыңыз туралы толығырақ айтып өтсеңіз?

2012 жылы 17 жасымда арман қуып Алматы қаласына сәулет мамандығына оқуға түсіп, 2014 жылдан, 19 жасымнан бері жарнама, 3D-графика, жиһаз салаларында өз кәсібімді Алматы қаласында жүргізіп келемін. Қазіргі таңда Түркия елі, Ыстанбул қаласында жұбайым, қызым үшеуміз 6 айдан бері тұрып жатырмыз. Үлкен отбасым, туысқандарым Ақтоғай ауылында және Атырау қаласында тұрады. Отбасымызда мен 10 баланың алтыншысымын, кішкентайымыздан әкеміз бен анамыздан жақсы тәрбие, білім, ұстанымдар алып өстік. Жоқшылық-қиындықтарға мойымай, ата-анамызбен, бауырларымызбен бір-бірімізге тіреу болып өсіп-өніп, қазір көбіміз жеке-жеке отбасы құрып, әкеміз бен анамызға 11 немере-жиен сыйладық. Түркия еліне көшпестен бұрын 10 жыл Алматы қаласында тұрдым. Бұл қала менің өмірімде ерекше із қалдырды: жоғарғы оқу орны, жатақханадағы өмір, алғашқы кәсіп, кеңсе, алғашқы көлік, үй, жолдасымды кездестірдім, үйлендік, бала сүйдік. Және өзге де қуанышты және қиын сәттерді басымыздан өткіздік.

fcfd0945-5543-4cd3-87b8-3ecedbcd8d99

Жолдасым Арай екеуміз танысқан күннен бастап әлемді аралауды, үлкен жетістіктерге жетуді, басқа елдерді көріп-білу арқылы Қазақстанымыздың болашағына қандай да бір септігін тигізуді армандадық. Арай өзі сол Алматы өңірінің қызы, отбасында 3 қыз, ол да мен секілді үйдің ортаншысы, менен 3 жас кіші. Аралаған елдеріміздің көбін екеуміз бірге қол ұстасып жүріп өттік! Жолдасым әрдайым көңілді, мінезі нәзік, дана, сыпайы қыз. «Атыраудың қызба мінез жігітіне тұрмысқа шығам» дегенін естіп,туысқандары бір таңғалғаны бар бастапқыда. Тойымыз 2018 жылы Алматы қаласында кішігірім ортада (30 адам) екі жақтың ең жақын деген туыстарымызбен дүркіретіп атап өтіп, келесі күні Тайланд еліне бал айына барып келгенбіз. Қызымыз Айлинді 2021 жылдың басында, карантинде босанды. Біздің бақытымызға қызымыз да өзіміз секілді сабырлы, ашық-жарқын мінезді болып дүниеге келді. Ол нағыз саяхатшы қыз болып өсіп келеді, себебі 3 айынан бастап ұшаққа отырып, Қазақстанның барлық жерін өзімізбен бірге аралап шықты. 9 айлығында Түркия еліне көшіп кеттік. Қазір осы елге орналасып, достар тауып, тілін үйреніп жатырмыз. Түрік халқы өте балажан, ақ көңіл, иманды халық. Барлығы ұнап жатыр.

Саяхаттауды бала кезден армандадыңыз ба?

Иә, кішкентайымнан география, дүние жүзі тарихымен математика пәндерін жақсы көретінмін. География елді, жерді білу үшін, дүние жүзі тарихы әр ұлттыңжан дүниесін түсіну үшін, математика қаржы тауып, есептей білу үшін керек. География пәнінен 7 жылбойы аудандық, облыстық, республикалықолимпиадаларға қатысып, 1-2 орындарға ие болғам. Тек мектепте ағылшын мен орыс тіліне мән бермегенімүшін өкінемін. Уақыт өте келе ол тілдерді де жетікмеңгеріп алдым. Қазір 4 тілде жақсы сөйлесемін: қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше. Ендігі мақсат қытай тілін меңгеру.

73262a8e-45bc-4cb2-902b-a8c97d0f03c2

Саяхатқа деген ерекше қызығушылығымды анам былай деп түсіндіреді. Маған аяғы ауыр болмастанбұрын анам бір өлімнен аман қалып, ұзақ уақыттуберкулез ауруынан емделген екен. Аурудың қаттыболғаны сонша, оның палатасынан жалғыз тірі қалып, емделіп шыққан анам екен. Сол анам қатты қиналыпжатырғанында «әлемді көрсем, саяхаттасам» депармандаған екен. Анамның арманы ауруды жеңіпшыққаннан соң көтерген ұлы, яғни маған берілген депайтады-мыс.

Неше жасыңыздан бастап саяхаттадыңыз? Еңалғашқы саяхатыңыздан алған әсерменбөліссеңіз?

Ең алғаш рет шетелге Ресей еліне 19 жасымдасаяхаттадым. Ол кезде Мәскеу қаласындағы оқу орнына құжаттарымды тапсыру үшін барғанмын, бірақ бір күні көше бұзақылары пышақпен қорқытып, оқуға деп өз еңбегіммен тапқан 5000$ ақшамды ұрлап алды. Ол ақшаны Алматыда 1-2 курста университетте сызу сызып, лекция жазып беріп, сурет салып беріп тапқан едім. Мұны «өмірдің сынақтары» деп қабылдап, ең бастысы басым аман қалғанына қуанып, бұзақылардан жасырып алып қалған телефонымды сатып, Алматыға кері билет алдым. Сөйтіп 3 түн Мәскеудегі Жеңіс саябағында қонған кездерім де болды. Алматыға қайтып келе салысыммен, курстас достарымды жинап,жарнама агенттігін ұйымдастырып, жеке кәсіпкерболып алғашқы кәсібімді бастап кеттім. Одан кейінгі нағыз шетелге саяхатым 20 жасымда Үндістан еліне болды. Бастаған кәсібімнен жиған ақшаға 1 айға бару-келу билет алып, тағы да турсыз, жалғыз, тіл білместен саяхаттап кеттім. Бұл саяхат менің өмірімдегі ең маңызды сәттердің бірі болып сақталып қалды. Келешектегі өміріме тиген әсері көп болды. Себебі мен ол елден толыққанды бейбіт, сабырлы, еркін, рухани адам болып оралдым. Бір сөзбен айтқанда, Үндістанға дейін мен үшін ақша, билік, мансап маңызды болса, ол елден оралған соң бұл өмірде ең бастысы адам, адами қарым-қатынас екенін түсіндім. Үндістаннан келген соң тағы 2 кәсіп ұйымдастырып, жаңа топ жинай бастадым. Ендігі кәсіптегі басты мақсат командаммен бірге даму, оларға көмектесу арқылы өз өміріңді жақсарту.

06d516e3-f29d-4ce6-b243-26c593998e04

Бүгінге кейін қанша және қандай елдердеболдыңыз? Ең қатты ұнаған мемлекет немесе қала қандай?

– Бүгінге дейін 15 елді аралаппын. Бұл ауылда өсіп, нөлден бастаған 27 жасар жас жігіт үшін өте үлкен жетістік деп ойлаймын. Саяхат ой өрісті, көзқарасты дамытады, әр саяхаттан соң қанаттанып, шабыттанып келесің. Ретімен айтқанда, Ресей, Үндістан, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Түркия, Украина, Беларусия, Тайланд, Албания және өзіміздің Қазақстанымызды толық саяхаттап шықтым. Әр елдің өз ерекшелігі бар, бірақ ең қатты әсер алған елім Үндістан, ең қатты бақытты сезінген ел Тайланд, ең әдемі ел БАӘ, ең дамыған ел Қытай, ең керемет адамдар тұратын ел Түркия. Қалалардан ең ұнағандары Мумбай, Нью-Дели, Мәскеу, Санкт-Петербург, Шанхай, Пекин, Шэньжэнь, Дубай, Абу-Даби, Ыстамбул, Анталия, Баку, Тбилиси.

– Әрбір саяхаттың адамға тигізер әсері қандай? Сізге жеке қандай әсері болды?  

– Саяхат ол бір кішігірім адам өмірі секілді ғой. Басталуы бар аяқталуы бар, соның ортасында әр түрлі қуанышты, қиын сәттерді басыңыздан кешесіз. Сондықтан әр саяхаттаған сайын, бір өмірді сүріп тастағандай керемет әсер аласыз. Сол әсермен қазіргі тұрып жатқан жеріңізге оралғанда ерекше шабытта болып, жаңа жобалар, жаңа жұмысқа деген ынтаңыз артады. Жоғарыда айтып өткенімдей, мен үшін ең қатты әсер берген ел ол Үндістан болды. Үндістан кедей, лас ел болғанымен, өте рухани дамыған мемлекет. 1 миллиард 400 миллион халқы бар, 7000 жылдық тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі қалыптасқан ұлы ел. Әр түрлі дінді ұстанатын осыншама халық бір-бірімен тату, бірлікте өмір сүріп жатқаны қатты әсер етті. Үндістаннан Қазақстанға оралғанда тура бір қайта туғандай сезім болды.

e86671ba-cac1-4870-8185-a32067de595a

– Қазіргі күні отбасылысыз ғой. Отбасыңызбен бірге саяхаттаған алғашқы елден алған әсер қандай?

– Жолдасым ең алғаш рет менімен бірге ұшаққа отып, ең алғаш рет шет елде болды. Тіпті оның шет ел төлқұжатын бірге жасадық. Ең алғашқы бірге саяхаттаған ел Әзербайжанның астанасы Баку қаласына болды. Ұшақ көтерілгеннен бастап жолдасым бақыттан басы айналып, қуанышын қойнына сыйдыра алмай құшақтап алғысын айта берді. Мұндай эмоция алған соң менің де оған жаңа эмоция сыйлауға деген құштарлығым одан әрі арта түсіп, басқа да елдерді көрсетіп, бірге қиындықтарын, қуаныштарын бөліскің келеді екен. Бірге саяхаттағаннан ең әсер қалдырған елдер ол Тайланд (бал айымыз өткен ел), Түркия, Грузия, Әзербайжан. 2-3 рет шет елде жүріп,телефонымыз өшіп қалып, бір-бірімізді таба алмай қалған кездер де болды. Әр түрлі жағдайлар көп орын алады, себебі басқа орта, басқа тіл, заң.

– Өзің жеке саяхаттағаннан отбасыңмен саяхаттағанның ерекшеліктері бар ма?

– Ия, әрине. Жеке саяхатта көбіне сезімдерің, ойларың ішіңде қалады. Отбасыңмен бірге болсаң үнемі бөлісіп, бірге талқылап жүресің. Өз басымда жеке саяхаттан соң күнделігімнің беттері әжептәуір толып қалады, себебі сезінген сезімдер мен мазалаған ойларды тезірек сақтап немесе бөліскім келіп тұрады. Екеуі де маңызды деп ойлаймын. Айналамыздағы жақын адамдарды, қолда барды бағалап, шүкіршілік ету үшінжалғыз саяхат жақсы көмектеседі. Ал егер көп әсер, сезім алғыңыз келсе отбасыңызбен саяхаттаған екі есе бақыт әкеледі, өйткені тек өзің ғана көріп, біліп, сезініп қоймай басқа жақын адамыңмен бірге бөлісу бұл бақыт.

Түркияға қоныс аударуға не себеп болды? Қазақстанмен салыстырғанда туризмі жақсыдамығаны белгілі. Одан басқа қандайартықшылықтарын айта аласыз?

Өзім кішкентайымнан армандайтынмын. Бір қалада10 жылдан артық тұрмаймын деп. Міне сол арманыморындалып, Қазақстанның ең үлкен, ең әдемі қаласыАлматыда 10 жыл өмір сүріп, әрі қарай бауырлас Түрікелінің ең үлкен, ең әдемі қаласы Ыстамбулға көштік. Карантин кері әсерімен қоса жақсы жағынан да әсерінберіп, 2020 жылы кәсіптерімді қашықтан басқаруғаболатындай жүйелеп алдым. Соның нәтижесіндекейбір кәсібімді сатып, кейбіреуін жауып, кейбіреуінқашықтан басқаруға шығарып, шет елге көшуге алдынала дайындалдық. Жылы үйіміз, әдемі көлігіміз, барлық жиған дүниелерімізді сатып, тек 2 жолсөмкесімен жолдасым Арай, қызым Айлин үшеумізкөшіп кеттік. Бұл жаққа келіп, жаңа өмір бастап, жылыүй, әдемі көлік, басқа да заттарымызды жаңадан алып, қайтадан сол жайлы қалпымызға түстік. Саяхатарқылы түсінгенім, адам өміріндегі ең керегі ол жиналған тәжірибе, батылдық және қарым-қатынасқұралы тіл.  

Түркия елі өзінің туризм саласымен әлемнің үздікелдерінің қатарына кіреді. Бұған бір себеп олардыңорналасқан жері өте қолайлы, Азия мен Еуропаныжалғап тұрған Ыстамбул қаласы оған дәлел. Және тарихқа, мәдениетке өте бай ел. Өздерінің тарихын әр түрлі кино, сериалдар арқылы әсерлі жеткізуімен өздеріне жаңа туристер тартады. Тағы бір артықшылығы қызмет көрсету сапасы керемет, халқы өте кеңпейіл, туристерге, басқа ұлтқа деген қарым-қатынастары тамаша. Түрік асханасы мен түрік тәттілері күллі әлемге әйгілі.

– Бүгінгі күні көп адамдар шетелге шығуды, білім алып, жұмыс жасауды армандайды. Саяхаттың алғашқы қадамын қалай жоспарлаған дұрыс?

– Иә, заман дамуымен бірге адамның да дамуға деген құштарлығы артып, көп мүмкіндіктерге жолы ашылып жатыр. Және саяхаттаудың екі түрі бар: өзіңіз жоспарлап (бұл ең қиын түрі) немесе туристік агенттіктер арқылы дайын жоспармен қорықпай, уайымдамай барып қайтасыз. Жалпы саяхатты ең алдымен армандау керек, жүрегіңізбен, жан-тәніңізбен қалау қажет, елестету керек. Барлығы осыдан басталады. Заманымыздың дамуына, саяхаттың пайда болуына да себепкер болған осы бір көзге көрінбейтін сезімдердің арқасы деп ойлаймын: армандау, қалау, елестету. Одан кейінгі қадам, ойыңыздағыны толықтай қағаз бетіне түсіру. Егер қалауыңызды, арманыңызды толықтай анықтап, қағаз бетіне түсіре алсаңыз, мақсатыңыздың 50% жасадым деп қуана берсеңіз болды. Себебі қағаз бетіндегі сөздер ол енді арман емес, ол мақсат. Ендігі кезек сол мақсатты жоспарларға бөліп, жүзеге асыру. Мен өзім саяхаттың алғашы қадамын осылай бастаймын. Сол ел туралы тарихын, тілін, дінін, қызықты жерлерін интернеттен зерттейсіз. Содан соң жоспар бойынша жүріп отырып, қолайлы уақытын таңдайсыз, виза керек пе, жоқ па соны іздестіресіз (сол елдің елшілік сайтынан), 1-2 ай бұрын ұшаққа бару-келу билетін аласыз (қазір Kaspi Travel ыңғайлы), содан соң сол елдің қалаларындағы жүретін жолыңызды күн-күнге бөліп жазасыз. Содан кейін барып тұрақтайтын қалаларыңыздан қонақ үйлерді брондайсыз (Booking.com сайты арқылы). Виза, билет, қонақ үйлер дайын, енді ұшқанша тіліңізді дамыта бересіз. Осылай басталған саяхат керемет өтетіне сенімдімін.

Ал еліміздегі туризмді қайтсек дамытуға болады? Осы саланы дамытқысы келетіндерге қай мемлекеттерге саяхат жасауды ұсынар едіңіз? 

– Түркия еліне саяхат жасауды ұсынар едім, себебі Түркия елінен үйренетініміз көп. Туристер келген кезде түріктердің ұлттық тағамдары, түрлі тәттілер, шетел тағамдары барлығы таңдауыңызға байланысты дайын. Қонақ үйлердің қызметкерлері өте сыпайы, әрі жарыса көмектеседі. Оларға сіздің Түркия елінен жақсы әсер алып кеткеніңіз маңыздырақ, ақшаңыз емес. Бұның барлығы мемлекеттік саясаттың туризм саласын қолдауының нәтижесі деп ойлаймын. Әр түрік азаматы мектеп табалдырығынан бастап туристерге сыпайы қарау керек екенін ұғынады. Себебі туристер арқылы Түркия елінің экономикасы көтеріліп, жаңа ақша қазынаға түсіп жатыр деп қабылдайды.

Біздің Қазақстан – Орта Азияның тарихқа толы ордасы. Туризм саласын дамытуға өте қолайлы орта. Бірақ тек кішігірім кәсіпкерлердің ақшасына керемет етіп туризм саласын дамыту қиын, сондықтан еліміздің саясибағдарламасында туризм саласын қолдап, халықтыңсанасына ол туралы мектеп партасынан бастап енгізуқажет деп ойлаймын. Тек сонда ғана туризм саласықарқынды әрі тез дамиды деп ойлаймын. Біз туризм саласында түріктер былай тұрсын, көршіміз өзбекбауырларымыздан көп артта қалып қалғанбыз. Бұғансебеп біздің қазба байлық, мұнай мен газдан бағыныштылығымыздан. Соның кесірінен білім беру, денсаулық, туризм секілді маңызды салалар дамымай артта қалып қойып жатыр. Бірақ Қазақстанымыздың болашағы, Қазақстанның туризм саласы 10-20 жылда жаңа деңгейге шығатынына сенемін. Өйткені біз Тәуелсіздік алғалы 30 жыл толса, Түркия тәуелсіздігіне 100 жыл.

9f015f37-df0f-45b3-81af-9e4dbb3d23a7

Сондай-ақ, біраз адамдар ел көріп, жер танығысы келеді. Бірақ ақшаның жетпейтінін айтады. Саяхатқа көп қаржы шығындамай баруға бола ма?

– Жоқ, өкінішке орай дамыған, әдемі елдерге саяхаттау қомақты қаржыны шығындауды талап етеді. Ең көп шығын ұшақ билеттері мен қонақ үйге кетеді. Ал егер қөп қаржы шығындамай саяхаттағыңыз келсе, алғашқы шетел ретінде көрші елдерге барсаңыздар болады: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан секілді. Егер саяхаттау ұнап, жақсы әсерде келсеңіз, басқа дамыған, әдемі елге баруға да қаржы табудың жолы ашылатынына сенімдімін.

– Саяхаттау үшін көп тіл білу маңызды ма?

– Жоғарыда айтып өткенімдей, көрші елдерге немесе бұрынғы КСРО елдеріне еш қиындықсыз орыс тілімен саяхаттасаңыздар болады. Ал егер Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Еуропа мен Америкаға және өзге деелдерге саяхаттауға міндетті түрде бастапқы ағылшын тілі қажет. Жалпы, тек ағылшын тілін біліп қана әлемді еш тіл қиындықсыз шарлап шығуға болады.

– Болашақта тағы барғыңыз келетін елдер қандай? Алға қойған мақсатыңыз? Қазақстанға қайта келетін шығарсыздар?

АҚШ-қа саяхаттап баруды, 5-10 жыл өмір сүріп көруді армандаймын. Бірақ өкінішке орай, ол елге виза алу қиын, өз басым 2 рет сұхбаттасудан өте алмадым. Еңқызығы, АҚШ елшілігі визаның не үшінберілмейтініндігін ашып айтпайды. Менің өмірлік ұстанымдарымның бірі табандылық, сондықтан бұл визаны да бір күні алып қалармын. Және алдағы уақытта Жапония, Англия, Франция, Германия, Италия, Австралия мемлекеттеріне, Африка елдеріне саяхаттау жоспарда бар. Жалпы алға қойған мақсат өте көп. Саяхат – отбасым мен кәсібімнен кейін менің өмірімнің үштен бір бөлігін құрайды. Болашақта туризм саласында да кәсіп ашу ойымда бар. Ал әзірше өзім көріп, біліп, тәжірибе жинап жүрмін. Шетелден көрген, білгендерімді, саяхаттан алған әсерлерім жөнінде Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі @Mr.BenZaid парақшамда достарыммен бөлісіп отырамын.

Қазақстанға әрине келемін, ешқашан басқа елдің азаматтығын алу туралы ой осы уақытқа дейін мазаламады. Мен елімнің, жерімнің патриотымын. Осы жылғы Қаралы Қаңтар оқиғасы кезінде де өзімізді қоярға жер таппай, Ыстанбул қазақтарын жинап,Қазақстанның тәуелсіздігін қолдау акциясын ұйымдастырдық. Менің шет елде саяхаттап немесе өмір сүріп жүргенімдегі мақсатым бұл жас кезде тәжірибе жинап, білім алу. Сол алған тәжірибем мен білімімді, уақыты келгенде Қазақстаныма және халқыма арнау. Сондықтан саяхаттаңыздар, армандаңыздар, тәуекел жасаудан қорықпаңыздар, жетістіктерге жете беріңіздер. Қазақ берекелі, білімді, қуатты болсын.

– Ашық әңгімеңізге бек рахмет Бейімбет! Амандықта көріскенше!

Сұхбаттасқан: Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT