Қарағанды қаласындағы «Достық үйінде» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда «Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңының жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуге қоғам қайраткерлері, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысының заңгерлері, журналистері, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Заң жобасын талқылауға Қарағанды облысына арнайы келген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа олар өз ұсыныстарын білдірді.