Бейбіт болашақ жұмысшы мамандарды тәрбиеледі

Еліміздің Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында биылғы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп ерекше атап өтті. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған болатын. Ауданымыздағы жұмысшы мамандықтарын дайындайтын бірден-бір оқу орны Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі болып табылады.

Ендеше ауданымыздағы колледж тарихындағы бірнеше жылдар бойы аудан экономикасына жұмысшы маман даярлауда осы саланың білікті маманы болған, инженер педагог Бейбіт Абдрахмановтың еңбегі еске оралатыны анық. Абдрахманов Бейбіт Бақытұлы (Бақытжанұлы) 1985 жылы болашақ жұмысшы мамандарды даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру беру ұйымына (сол кездегі №8 СПТУ деп аталатын мекемеге) «ар- наулы пәндер оқытушысы» болып орналасты. Сол жылдары бірнеше жастар жұмысқа бірге орналастық. Училище директоры Есенғалиев Құрмаш ағай болатын. Кейіннен училище директоры болып Қапизов Қабижан ағай келді. Осындай талапшыл ағайлармен бірнеше жыл жұмыстас болып, үлгі алдық.

Арнаулы пән оқытушыларының жұмысын ұйымдастыруда бізге ерекше үлгі көрсетіп бағыт берген, сол кездегі директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары Қайыржанов Мұхит ағай болатын. Осы кезден бастап біз училищедегі білім алушыларға ізденіспен, шығармашылықпен еңбек ете бастадық. Осы училищеде жұмысшы мамандықтарын дайындауда көп жыл еңбек сіңірген әріптес досым Абдрахманов Бейбіт Бағытжанұлын еске алғым келіп отыр. Бейбіт Алматы қаласындағы инженер-педагог мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген. Ол өте білімді, өз мамандығын жетік білетін маман еді. №8 кәсіптік техникалық училищесінің оқу шеберханасында «Трактор және автомобиль» зертханасын дайындады. Зертханадан «Трактор және автомобиль» құрылысы бой- ынша бірнеше жұмыс орындарын әзірледі.

Ол кездегі зертхананың мақсаты: білім алушылардың теориялық алған білімін іс жүзінде орындауға машықтандыру бо- латын, осы салада сол кездегі материалдық-техникалық базаның бар-жоғына қарамастан, айналадан сұрап болса да ескі көліктер құралдарынан көрнекілік жасақтап, мотор двигательдерді әкеліп, материалдық-техникалық база жасақтап, студенттерді еңбекке баулып, қасына ала отырып, қолмен шашып-жинап, макеттерді құрастыра отырып үйретіп, болашақ мамандарды тәрбиеледі.

Осы істі сауатты ұйымдастыру нәтижесінде бірнеше жұмысшы мамандықтар дайындауда өзінің қомақты үлесін қосты. Бейбіт әсіресе автомобиль мен тракторлардың электр жүйесін жақсы меңгерген. Автомобильдердің электронды от- алдыру жүйесін білім алушыларға жақсы түсіндіре білді. Болашақта автомобильдердің электр жүйесі датчиктермен жұмыс жасайтынын сол уақытта білді. Қазіргі кезде шығарылған автомобильдердің көбі осындай датчиктер арқылы жұмыс істейді. Ол жұмыс барысында директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне көтерілді. Бейбіттің жұмысшы мамандықтар даярлауда жеткен жетістіктері аудандық, облыстық, республикалық марапаттарға ие болды.

Өз мамандығын сүйген Бейбіт Елтай ауылында тұратын. Ол кезде көпір жоқ, паром арқылы қатынас болды. Паром істемей қалған кезде жұмысқа өзеннен қайықпен өтіп келетін. Үш аяқты мотоциклмен қысы-жазы қатынап жүретін. Қасынан бірге жұмыс істейтін әріптестерін де тастамайтын. Ертемен сабаққа үлгеретін, осындай еңбекқор жан еді. Ол бау-бақша өнімдерін өсіруді де ұнататын. Қазіргі колледж шарбағына өз еркімен жеміс ағаштарын егіп, өз қолтаңбасын қалдырып кеткен еді. Ол ағаштар жайкалып өсіп, колледж шарбағының сәнін келтіріп тұр. Міне, Бейбіт Бағытжанұлы адамгершілігі мол, ақкөңіл, адамдарға сенгіш, адал азамат еді. Оның колледжге сіңірген еңбегін өскелең ұрпақ біле жүрсін және кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық деген ниетпен осы мақаланы жазып отырмын. Оның жарқын бейнесін біз әрқашан еске аламыз.

Жанболат ХАМИТОВ,

ардагер-ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT