Облыс әкімі Серік Шәпкенов Бейбарыс ауылы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектепке барды,деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
2012 жылы салынған 300 орындық мектеп оқушы санының көбеюіне байланысты жапсарлас ғимарат салуды қажет етеді. Оған бастауыш сынып оқушыларын оқыту жоспарланып отыр. Мектептің акт залы мен спорт залына жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Себебі жауын-шашын кезінде жаңбыр суы тамшылайды. Білім ошағына қосымша 120 орындық жапсарлас ғимарат салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптама қорытындысы 2020 жылы алынды.