«Батыс» өңірлік қолбасшылығының граната атқыштары шеберліктерін шыңдауда

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің граната атқыш есептоптары күндізгі және түнгі уақытта РПГ-7 қаруынан оқ атуда.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мамандық бойынша жеке құрамды үйрету мен оқытудың нәтижелерін қортындылауда. Сынақтарды алғашқылардың бірі болып барлау және мотоатқыштар бөлімшелерінің, сондай-ақ теңіз жаяу бөлімдерінің граната атқыш есептоптары тапсырды.

- Мамандық бойынша дайындық бір айға созылды. Осы уақыт ішінде біз РПГ-7 граната атқыштарын қалай қолдануды, көздеуді, оны күтуді және атуды үйрендік. Сынақ қабылдау барысында бізге 300 метр қашықтықтағы нысанаға дәл тигізу үшін екі штаттық оқ берілді. Мен тапсырманы бірінші мүмкіндіктен орындай алдым, - деді қатардағы жауынгер Максим Пугасеев.

Сарбаздар үшін ең қызықтысы түнгі атыстар болды. Граната атқыштар түнгі көру құрылғыларын және көру оптикалық шкаласын жарықтандыру тәсілдерін қолданып, атыстар жүргізді. Нұсқаушылардың қатаң басшылығының арқасында жеке құрам тапсырманы сәтті орындай алды.

Рүстем ИГИСИНОВ,

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT