Басты Қоғам Облыстың қаржы нарығының 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдайы Облыстың қаржы нарығының 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдайы

Облыстың банк секторы. 2024 жылғы1 мамырдағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) 14 филиалы, 48бөлімшесі, 61айырбастау пункті жұмыс істеді. 

Облыстыңнесие нарығы. 2024жылғы қаңтар-сәуірдеоблыстың ЕДБ филиалдарымен 280,8млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 26,6%-ға көп. Заңды тұлғаларға несие беру 24,9%-ға 79,6 млрд. теңгеге дейін көбейді, ал жеке тұлғаларға – 27,3%-ға 201,2 млрд. теңгеге дейін.

2024 жылғы қаңтар-сәуірдеазаматтарға тұтыну мақсаттарына151,3млрд. теңге берілді, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегікөрсеткіштен31,1%-ға жоғары.

2024 жылғы 1мамырғаоблыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 801,7млрд. теңгені құрады, 2023 жылғы 1мамырмен салыстырғанда 22,0%-ғаөскен.Жеке тұлғалардың берешектері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға көбейді және 674,1 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі–7,2%-ға өсті және 127,6 млрд. теңге болды.

2024 жылғы 1 мамырға тұрғындарға тұтыну мақсаттарына берген несиелер бойынша берешектер 415,8 млрд. теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 30,7%-ға өсті. Осы орайда жеке тұлғаларды несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 61,7%-ды құрайды.

2024 жылғы 1 мамырға несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2023 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда 41,4%-ға азайды және 21,8млрд. теңгені құрады. Жалпы көлемдегі заңды тұлғалардың мерзімі өткен берешектерінің үлесі 23,8%-ды құрады, жеке тұлғалардікі –76,2%.

Облыстың депозит нарығы. 2024жылғы 1 мамырға ЕДБ филиалдарындағы салымдар 2023 жылғы 1 мамырменсалыстырғанда18,3%-ғакөбейді және 705,6млрд.теңгеге жетті. Жеке тұлғалардың депозиттері 21,9%-ғаөсті, заңды тұлғалардікі–12,0%-ға. 

2024жылғы 1 мамырғаұлттық валютадағы салымдардың үлесі2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7%-дан76,0%-ға өсті, ал шетел валютасымен–34,3%-дан24,0%-ға кеміді.

Облыстың валюта нарығы. 2024 жылғы мамырдағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 84 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 61– уәкілетті банктердікі,12–«Қазпошта» АҚ филиалынікі және 11– уәкілетті ұйымдардікі.

2024жылғы қаңтар-сәуірдеоблыстың айырбастау пункттерімен халықтан 22,2млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2023 жылдың көрсеткішінен 31,6%-ға төмен. Сонымен қатар 1,4млн. еуро (10,2%-ғаазайды), 623,7млн. ресей рублі (13,0%-ғакеміді) сатып алынды.

Облыстың айырбастау пункттерімен 2024жылғы қаңтар-сәуірдехалыққа 107,9 млн. АҚШ доллары сатылды, 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,8%-ға өскен. Бұдан басқа халыққа 4,5млн. еуро (19,1%азайды), 739,3млн. ресей рублі (16,5%-ға азайды) сатылды.

Төлем карточкаларын пайдалану. 2024 жылғы 1 мамырға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 2 753,8 мың бірлікті құрады. Облыста 616 банкомат, 40 377POS-терминал жұмыс жасайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 1 172,6млрд. теңге сомасына (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 11,9%-ға кеміді)115,2млн. транзакция (өсім 12,5%) жасалды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 246,7 млрд. теңге сомасына (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,2%-ға көбейді)2,6млн. транзакция (3,6%-ға кеміді) жасалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521