БАСШЫЛЫҚ ЛАУАЗЫМҒА РЕЗЕРВТЕН ҚАБЫЛДАНДЫ

Өңірлік кадр резервінің мүшесі Ғұднан Сайран Ғұднанұлы Атырау облысы ауыл шаруашылғы және жер қатынастары басқармасының Ветеринария бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық іріктеусіз қабылданды.

Сайран Ғұднанұлы 2016 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "мал дәрігері" мамандығы бойынша бітірген.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Махамбет аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы қызметін атқарған. 

Айта кету қажет, өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту, жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған резервке өңір бойынша 25 адам алынды.

Резервшілер жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімі негізінде тікелей тағайындала алады.

 

 

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
aгенттігінің Атырау облысы
Бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT