Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесі өтіп, онда іздестіру мен экстрадициялаудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша шаралар қабылданды.
Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда 2021-2022 жылдарға және а.ж. өткен мерзімінде анықтаудан, тергеп-тексеруден және соттан бой тасалаған адамдарды іздеу бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мәселелері талқыланды.
Бұл ретте экстрадициялау туралы келісімдердің жоқтығына қарамастан, а.ж. іздеуде жүрген 7 адамды экстрадициялауға қол жеткізілді, оның ішінде Германиядан, Камеруннан, Польшадан және Швециядан.
Толығырақ сілтемеде:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/677796?lang=kk