БАҚ саласының басшылары Индерде бас қосты

Бүгін Индер ауданында "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі жанынан құрылған "Бас редакторлар клубының" көшпелі мәжілісі өткізілді.

Медиахолдинг басшылығы мен екі облыстық, алты аудандық газет бас редакторлары алдымен ақиық ақын Мұрат Мөңкеұлы мен белгілі бард ақын Табылды Досымовтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан әрі делегация мүшелері "Бас редакторлар клубының" мәжілісінде бас қосты.

Аудан әкімі Мейірім Қалауи "қош келдің" айтып, ізгі тілегін білдірді. "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының кеңесшісі Исатай Балмағамбетов Президент Жолдауын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жолдары жөнінде өзіндік ой-пікірін ортаға салды.

bas-01-010920

Аудандық газеттер жетекшісі Лена Нұрбаева жаңа форматтағы газеттер мазмұнына шолу жасап, жетістіктермен қатар олқылықтарды да атап өтті. Ардагер журналист Таңатар Дәрелов өңірдегі баспасөздің шығармашылық ахуалы, БАҚ арасындағы салиқалы бәсекелестік туралы көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

"Дендер" газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин мен "Жайық шұғыласы" газетінің бас редакторы Баян Сүйеуова осыдан екі ай бұрын пилоттық жоба ретінде қолға алынған балама жазылудың тетіктері туралы пікірлерін білдірді.

das140920-14

Жиын барысында серіктестіктің "Бас редакторлар клубының" төрағасы және аймақтық "Бас редакторлар" клубының жетікшісі болып Жанай Амантурлин сайланды. Мәжілісті қорытындылаған "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі директоры Ысқақ Егембердиев дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, жаңа медианы жандандыру бағытында тапсырмалар берді.

«Жайық ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521