БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: Атырау көш бастап тұр (+ИНФОГРАФИКА)

2018 жылы құрылған Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы үш бағытта жұмыс жасап келеді, деп хабарлайды Атырау облысының Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

img 20210909 wa0032

Атап айтқанда, бұл – балық аулау (өндіру) және оны өңдеу (экспорт), қолдан балық өсіру (аквакультура) және балық қорларын қорғау және өсімін молайту. Атырауда балық аулаумен 18 кәсіпорын айналысады. Оның екеуі – бекіре балық өсіру зауыттары.

img 20210909 wa0031

Аталған басқарма басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда, өткен жылы балық аулау мен экспорт үлесі 6-19 пайызға өскені байқалады.

«Елімізде өндірілетін (ауланатын) балықтың 30%-ы Жайық-Каспий бассейінінде ауланады. Яғни, Атырау еліміз бойынша көш бастап тұр деген сөз. Қазір балық аулаумен бірге, оны қолдан өсіруге де зор көңіл бөлініп жатыр. Десек те, шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Мәселен, осыдан 30-50 жыл бұрынғы жүзу кемелері заманауи талапқа сай келмейді» дейді ол.

img 20210716 wa0099

Екінші бағыт – балық өсіру бойынша да тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.

«Биыл шілде-тамыз айларында «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» мен «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» Жайық өзеніне 7 миллионнан астам бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсімге жіберді» дейді басқарма басшысы.

fb img 1631173092332
img 20210804 wa0077

Енді басқармамен 2021-2030 жылдарға арналған Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы бекітіліп отыр. Ол жүзеге асса, тауарлы балық өсіру көлемі 15 мың тоннаға, балық өнімін экспорттау көлемі 25 мың тоннаға артады. Ал, Жайық-Каспий бассейнінде кәсіптік балық аулау көлемі 1,5 есеге көбейіп, жылына 25 мың тоннаны құрамақ. Сондай-ақ, 511 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

screenshot 20210806 023450 com.whatsapp
fb img 1631173094736
img 20210806 wa0101
screenshot 20210901 224646 com.huawei.himovie.overseas 1
fb img 1631173097076
img 20210820 121858 1

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT