Балауса ықшамауданында 600 орындық мектеп салынбақ

Белгіленген  жобалар бойынша 493 жаңа жұмыс орны ашылады. Онда 221 атыраулық тұрақты жұмыспен қамтылса, қалған 272-сі  құрылыс кезеңіндегі еңбекке араласады деп күтілуде – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күні бүгінде 6 жобаның құрылысы басталып, 133 адам жұмыспен қамтылды.

"Аталған жоба бойынша Атыраудағы Балауса ықшамауданынан 600 орындық мектеп құрылыс- жұмыстары басталады. Осыған байланысты жобаға қажетті мамандар бойынша сұраныс Жұмыспен қамту орталығына жолданып, іріктеу жұмыстары жүргізілуде"  делінген  Атырау  облысы жұмыспен қамту басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген қаржының 34,7 %-ы игерілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT