Балаларды қуантты

Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесі «Арман» шаруа қожалығымен бірігіп, санаториялық үлгідегі «Шолпан» бөбекжайына барып, қайырымдылық көмегін ұсынды.

Оның ішінде балалар киім-кешегінен бастап, түрлі ойыншықтарға дейін бар. ҚАЖ департаментінің Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Н.Ташекенова бірнеше жылдан бері «Шолпан» бөбекжайына демеушілік көмегін ұсынып жүргендерін, бүгінде балалар ойыншықтарын әкелгендерін айтып, одан әрі пробация қызметі туралы аз-кем тоқталды. Ол балалардың жарқын болашағы үшін жұмыстанып жүргендерін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын десті. «Арман» шаруа қожалығының төрағасы Р.Кабдикаримов та балғындарды қуантудан артық бақыт жоғын айтып, балалар киім-кешегін ұсынды.

Балғындар доптардан бастап, машина, кран, тіркемелі трактор, жүк машиналары, қуыршақ, құрастырмалы ойыншықтарды көріп қуанып жатыр. «Шолпан» бөбекжайының меңгерушісі А.Төлешова қайырымдылықтың ерте-кеші жоқтығын, бүгінгі пробация ұжымының сыйлықтарына балалар қатты қуанғанын, бөбекжайда отыз бала тәрбиеленіп жатқанын айтып, ризашылығын білдірді. Бәрі естелікке суретке түсті.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521