Жаз мезгілі келісімен балалар жазғы демалысқа шығып, олардың бос уақыттары көбейеді.
Осы уақытта олар демалыстарын қызықты өткізгісі келеді. Әр түрлі балалар ойын алаңдарына, батуттарға, су маңына, аттракциондарға, велосипедтерді, «гироскутерлерді», «сигвейлерді», балаларға арналған машиналарды және т.б. жалға беру пунктеріне барып ойнайды. Алайда, қызықты демалыс уақытында оқыс оқиғалардан балалардың денсаулығына зиян келуі немесе күтпеген жерден орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін. Бұндай оқиғалардың орын салу себептерін талдасақ, көпшілігі жасөспірімдердің ережені бұзғаннан, үлкендердің мас күйінде болуынан және балаларды қараусыз қалдыруынан болып отыр.
Азаматтардың жаппай демалатын орындарына (су маңы, саябақтар, скверлер, алаңдар, аулалар және т.б.) оқыс оқиғалардың алдын-алу және қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуын кешенді зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру мақсатында Махамбет ауданы полиция бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдары бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында жабдықталмаған жағажайларға суға шомылуға тыйым салынған белгілері қойылды. Демалушыларға «Судағы жүріс-тұрыс қағидасы» мен «Алғашқы көмек көрсету» туралы арнайы жадынамалар таратылды. Шомылуға тыйым салынған жерлерге белгілер орнатылды. Аудан тұрғындарынан жағажайға қауіпсіздік ережелері туралы билборд орнату туралы ұсыныс қабылданып, қазіргі таңда дайындалу барысында. Суда жүзу кезіндегі негізгі ережелер
- Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;
- Қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды;
- Суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-Суға кету жайында жалған белгі бермеңіз;
-Жүзіп бара жатқан катер, қайықтарға жақын бармаңыз;
-Суға биік өткелден, қайық пен катерлерден секіруге болмайды;
-Өзіңізге таныс емес жерге жүзіп бармаңыз;
-Мас күйінде суда жүзбеңіз.
Ювеналды полиция тобының инспекторлары әр күн сайын кешкі жасаққа шығып, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы профилактикалық жұмыстарын жалғастырады.
Ж. Ділмағамбетова, Жергілікті полиция
қызметі кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі учаскелік полиция инспекторы,
аға лейтенанты
Сурет:дереккөзден