Балалардың қауіпсіздігі – Атырау облысы құтқарушыларының басты назарында

Әр бала үшін жаз мезгілі - бұл мереке. Мектепке барудың, сабақ оқудың қажеті жоқ, асыр салып ойнайтын нағыз керемет кезең. Көптеген балалар жазғы демалыстарын балаларды сауықтыру лагерлерінде, кейбіреулері мектеп жанындағы лагерьлерде өткізеді.

Атырау облысының аумағында балаларға арналған 3 жазғы сауықтыру лагерлері бар, олар Атырау қ. «Тұлпар» лагері, Индер ауданы «Жас Өркен» лагері, Махамбет ауданы «Арай» лагері. Қазіргі уақытта «Тұлпар» лагері күрделі жұмыс жүргізілуіне байланысты жұмыс істемейді ал, «Жас Өркен» және «Арай» лагерлері өз жұмыстарын 2022 жылғы 8 маусымнан бастап жасап келеді.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша 173 мектеп жанындағы лагерьлер бар.

Адам өмірі, соның ішінде БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының басты назарында. Лагерьлер ашылмас бұрын, Департаменттің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен "Оқушылардың жазғы демалысы мен сауықтыруының қауіпсіздігін ұйымдастыру" тақырыбында семинар өткізіп, жазғы мектеп жанындағы лагерьлерде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын, өрт сөндіру қызметін шақырту кезіндегі іс-қимылдарды, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібін түсіндірген болатын.

1 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін лагерьлер, мектеп жанындағы лагерьлерде «Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі» тақырыбында 25 іс-шара өткізілді. Әр аудандағы мектеп жанындағы лагерьлерде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балаларға қауіпсіздік ережелерін,  алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйрету мақсатында, әр түрлі профилактикалық іс-шаралар, акциялар ұйымдастырып өткізіп жүр. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды әрдайым еске салуда.

Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі – балалардың отпен ойнауынан салдарынан орын алып жатады. Сондықтан іс- барысында қызметкерлер қолжетімді түрде балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екенін, сіріңкемен ойнаудың салдарынан үлкен өрт туындауы мүмкін екенін айтып, өрт болған жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін таныстырады.

Балалардың ең қызығатыны – өрт сөндіру автокөліктері, құтқарушылардың киімдері. Жыл басынан бері облыс бойынша 70-тен аса «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды. Қала, аудандарда ұйымдастырылған «Ашық есік күндерінде» балалар ерекше әсер алып, өрт сөндіру автокөліктеріне отырып, өртті қалай сөндіретінін өз көздерімен көріп, өрт сөндіру қызметінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, жедел-құқару жасағының қызметкерлері сүңгуірлердің киімімен, авариялық-құтқару инструменттерімен таныстырып, су айдындарына үлкендердің қарауынсыз баруға болмайтынын түсіндіруде.

Бұл бағытта атқарылып жатырған жұмыстар жаз бойы жалғасын табады.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика