Балалар ойын алаңы салынады, бірақ...

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Жаңа ауыл шағын ауданы мен «Жайық шұғыласы газетінің 50 жылдығы» атындағы көшеге жаңадан ойын алаңы салынды. «ЖарқынҚұрылысСервис» мердігер мекемесі қосымша жабдықтар орнатып, жасанды төсенішін төсеп, жай жөндеу жұмыстарын жасады.

Десе де, балалар ойын алаңына байланысты бірқатар мәселелер туындап тұр. Соның бірі – алаңда орнатылған жабдықтардың көп уақыт өтпей кәдеге аспай қалуы. Ауылдық округ әкімі Руслан Әженовпен бірге жаңадан орнатылған ойын алаңдарының жайымен танысу барысында бұл көрініске тағы бір мәрте куә болдық. «Балалар үшін жасаймыз, ал нәтижесі осындай болып жатса, кімді кінәлаймыз?»,- дейді ауыл әкімі.

Сөзінің жаны бар.

Балалар ойын алаңдарынан бөлек, шағын футбол алаңдары, тренажерлардың күй кеткен. Демеуші есебінен салынып, әкімдік сенімгерлігіне бермей, жеке кәсіпкердің өзі бақылауына алған футбол алаңы әрі сапалы, әрі жан-жағы тап-тұйнақтай, сынған, бүлінген жері жоқ. Кезінде қалай берілді, солайымен «қарап тұр». Ал Үкіметтің қаржысына салынған ойын алаңдары «жаудың дүниесі» секілді. Ол жерді алыстан келіп, ешкім сындырып, қиратпайды. Өз ауылымыздың балаларының қолымен жасалған ісі. Алаңқайлардың жайы жанға батады. Сол үшін балалар алаңқайы пайдалануға берілгеннен кейін қараусыз қалмаса екен.

Елімізде қолға алынып жатқан кез келген жоба тұрғындар игілігі үшін жасалады. Ұлттық жоба – ұлттың сапалы өмір сүруінің кепілі. Жоба тілімен айтсақ, 2025 жылы халқымыз толықтай сапалы ауыз сумен қамтылып, сапалы жолдармен жүріп, баспаналы да болар күн алыс емес.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT