Бала тәрбиесі – баршаға ортақ

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде республикалық ата-аналар конференциясына байланысты «ХХ ғасырдағы қазақстандық ата-ана, өз балаңа үлгі бол!» атты шара өтті. Оған 8-9 сынып ата-аналары, мұғалімдер қатысты.

Шараны мектеп директоры Ғалымжан Некесов ашып, республикалық көлемде өтіп жатқан ата-аналар конференциясына атсалысуға шақырды. Мектеп психологі Қорлан Нұрымқызы конференцияны слайдтан көрсете отырып жүргізді. Ол жас ерекшеліктеріне байланысты кезең-кезеңмен өтіп жатқанын, әр ата-аналарға психологиялық көмек көрсету мақсатын көздейтінін меңзеді. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, баланы мектепте оқуға бейімдеу, жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу, болдырмау, оған себепші болуы мүмкін қателіктер, жасөспірім мінез-құлқы, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кеңестер берілетінін еске салды. Қатысушыларға екі-үш бейнеролик көрсетіліп, пікірлері сұралды. Бала тәрбиесіне байланысты екі-үш ата-ана өз ой-толғамдарын ортаға салды.

Шарада отбасындағы ұрпақ тәрбиесі, түсініспеушіліктің алдын алу, шаңырақ құндылықтарын дәріптеу көзделді. Осыған байланысты оларға нұсқаулықтар, кітапшалар таратылды. Конференцияны мектеп психологі Қ.Ерғалиева қорытындылады.

А.ҚУАНЫШҚАЛИҚЫЗЫ,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521