Бақыт Сұлтанов: Біз қаласақ та, қаламасақ та қант қымбаттайды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қанттың қымбаттауына тосқауыл жоқ екенін мойындады.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген министр Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы 6 тауар бойынша импортқа тәуелділік бар екенін еске салды.

«Бізде тауардың алты түрі бойынша импортқа тәуелділік бар. Негізгі тауарлар жетпей қалмайды. Импортқа тәуелділікті шектеуге арналған арнайы бағдарламамыз бар. Бізде экспортқа тәуелді тауарлар да бар. Мысалы бидай біз үшін сондай тауар. Сыртқы нарықта баға қымбаттса, өз ішімізде де қымбаттайды», - деді ведомсвто басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қант сияқты әлеум е ттік маңызы бар тауарлардың бағасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы тұрақтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал кейбір тауарлардың бағасы «Қаржы айналымы» тетігі арқылы бойынша тұрақтандырылған.

«Дегенмен азық-түліктің кей түрі, мысалы, қант бойынша айтсақ, біз қаласақ та, қаламасақ та баға өседі. Өйткені бүкіл әлем бойынша биржадағы баға көтеріліп барады. Бізге негізгі қант жеткізуші Ресейдің өзі тасымалды тоқтатқандықтан, бұл ахуал бізге әсер етуде. Логистика шығындары бүкіл әлемде өсті»,- деді Бақыт Сұлтанов.

 

Inform.kz

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика