Қазіргі уақытта атыраулықтардың 70 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді

Қазіргі сәтте Атырауда облысындағы 261 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, жергілікті уақытпен сағат 19.00-ге дейін атыраулықтардың 70 пайыздан жоғары дауыс беруі анықталған.

-Сондай-ақ Қашаған, Қарабатан, Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың дауыс беруі де ұйымдастырылды. Олар туралы толық ақпарат 20.00-ден кейін белгілі болады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар бойынша да дауыс жинау ұйымдастырылуда. Сайлауды ұйымдастыру бойынша әзірге арыз-шағымдар түскен жоқ, деді А.Айманакумов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT