Ажырасу оңай ма?

Ажырасуға өздері шешім қабылдаса да, мұның ерлі-зайыптылардың екеуіне де оңай тимесі анық. Өйткені әрбір отбасының өздерінің жазылмаған қағидалары болады.

Махамбет аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Ж-мен неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды. Іс құжаттарында тараптардың арасында неке 2008 жылы қиылған. Араларында ортақ кәмелетке толмаған төрт балалары бар. Талап қоюшы неке бұзуға себеп ретінде жауапкермен бірге тұруға және отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын көрсетіп, неке бұзуды сұраған.

Сот отырысында талап қоюшы А мен жауапкер Ж араларында өсіп келе жатқан балаларының бар екенін, татуласқандарын, араларындағы отбасылық келіспеушілік мәселелерді медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беріп, медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судьяның өзі өткізуін сұраған.

Аудандық соттың судьясы С.Амантаевпен "Отбасылық сот" пилоттық жобасы аясында тараптар татуласты.

Сотпен талап қоюшы А-ның жауапкер Ж-мен неке бұзу туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері бекітілді. Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT