Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңдарына сәйкес әзірленген.

Бұл тіркеуші органдардың туу­ды, қайтыс болуды, неке қиюды, некені бұзуды мемлекеттік тіркеуді, өзгерістер, толықтырулар енгізуді, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін ауыстырған, әке (ана) болу­ды анықтаған, бала асырап алған кезде, азаматтық хал актілерінің жазбаларын түзетуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Сондай- ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды және акт жазбаларының көшірмелерін беруді қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазба­ларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларына» сай жұмыстар атқарылады.

Аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы көрсетілетін 8 мемлекеттік қызмет түрлері төмендегідей:

- «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбала­рына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

- «Неке қиюды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбалары­на өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»:

- «Некені бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбалары­на өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

- «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазба­ларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»;

- «Азаматтық хал актілерінің жаз­баларын қалпына келтіру»;

- «Азаматтық хал актілері жазбала­рын жою»;

- «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»;

- «Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».

Осы аталған көрсетілетін мемлекеттік қызмет өтініштері аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 2- 5 күн ішінде (некені қию 15 күн, некені бұзуды мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған балала­ры жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 2023 жылы 1077, 2024 жылы 865, ағымдағы жылы 172 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

 

З.БОЛАТОВА,

аудандық АХАТ бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT