2025 жылдың қорытындысы бойынша прокуратура органдары 300 мыңнан астам азаматтың әлеуметтік құқықтарын қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз етті. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мемлекетке 1 трлн теңгеден астам шығын өтеліп, 250 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алынды.
Сот жүйесінде заңдылықты қамтамасыз ету саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Мыңға жуық адамға қатысты сот актілері заң талаптарына сәйкестендіріліп, 150 сотталғанның жағдайы жақсартылды, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілікқұқық бұзушылықтар бойынша шамамен 3 мың сот актісі түзетілді.
Қылмыстық салада адам құқықтарыныңсақталуы
Қылмыстық процесс пен пенитенциарлықжүйеде адам құқықтарының сақталуынаерекше назар аударылды. 2025 жылы 4 мыңнан астам адамды қылмыстық процескезаңсыз тарту деректерінің жолы кесілді. Азаптау фактілерінің саны 56%-ға төмендеді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндеазаптау жағдайларына жол берілген жоқ, суицид деңгейі 34%-ға азайып, сотталғандардың еңбекпен қамтылукөрсеткіші 16%-ға артты.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
Есірткі қылмысына қарсы белсенді жұмыс жалғастырылды. Қылмыстық жолменалынған есірткі кірістерін бұғаттауалгоритмін іске асыру басталды. Нәтижесінде 2,6 млрд теңге сомасына 222 мыңнан астам«дропперлік» шот бұғатталды. Прокурорлардың бастамасымен тергеушеңберінде 10 млрд теңгеден астам сомағаактивтерге тыйым салынды.
Активтерді қайтару
Жалпы соңғы екі жылда заңсыз шығарылғанактивтерді қайтару бойынша жүргізілгенжұмыстың нәтижесінде олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді. Оның ішінде мемлекеткірісіне 1 трлн 76 млрд теңге сомасындаақшалай қаражат пен мүлік қайтарылды.
Аталған қаражат есебінен еліміздің барлықөңірлерінде434 әлеуметтік жәнекоммуналдық нысанның құрылысы аяқталдыжәне жалғасуда. Оның ішінде 227 сумен жабдықтау нысаны, 183 медициналықмекеме, сондай-ақ 11 білім беру, 5 спорт және 8 инфрақұрылымдық нысан бар.
Олардың 200-ден астамының құрылысытолық аяқталды, атап айтқанда: 140 медициналық, 66 сумен жабдықтау, 2 спорт және 2 білім беру нысаны.
Олигополия субъектілерімен жалпы сомасы5 трлн теңгеден асатын инвестициялық жәнеәлеуметтік жобаларды іске асыру туралыкелісімдер жасалды.
Бизнес пен инвестициялық ахуалды қорғау
Президент тапсырмаларын орындау аясында инвестициялық жобаларға құқықтықсүйемелдеу қамтамасыз етілді. Прокурорларэкономикаға 25 трлн теңгеден астамқаражатын инвестициялаған шамамен 2 мың инвесторға көмек көрсетті.
Қадағалау және үйлестіру шараларыныңнәтижесінде бизнеске қатысты басталғанқылмыстық істердің саны екі есе қысқарды.
Бұл бағыттағы жұмыс Инвесторлардыңқұқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің құрылуымен жаңа деңгейге көтеріліп, олинвестициялық қауіпсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудіңжүйелі құралына айналады.
Халықаралық ынтымақтастық жәнеэкстрадиция
Бас прокуратура халықаралықынтымақтастықты белсенді түрде дамытыпкеледі. Төрт халықаралық келісім ратификацияланып, Сингапур және Катар мемлекеттерімен өзара іс-қимыл туралыуағдаластықтарға қол жеткізілді. Жалпы 38 шет мемлекетпен 85 екіжақты келісімжасалған.
Ресей, БАӘ, Қырғызстан, Грузия, Польша, Әзербайжан, Испания, Германия, Сербия, Сауд Арабиясы, Армения, Беларусь, Түркия, Литва және Швеция елдерімен 69 экстрадициялау туралы талапқанағаттандырылды.









