Қазақстандық көліктерді шетелге экспорттау көлемі 23 пайызға артты

Биыл жарты жыл ішінде елімізде 51 мыңнан астам автотехника шығарылды (2021 жылы - 39 482), деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автомобиль, тіркеме мен жартылай тіркемелер өндірісі 30,6%-ға артты. Машина жасаудағы сала үлесі 37,5%-ға өсіп отыр. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспорт 23% артып, 4 557 автомобильге дейін өскен. Жалпы сомасы 53,9 млрд теңгеден асты. Биыл 13 шілдеде бағдарламаға қатысушы банктер 90 млрд теңге сомасына 11 825 өтінімді мақұлдады. Мақұлданған өтінімдер бойынша қазірдің өзінде 7 852 автомобиль шығарылды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ең танымал брендтердің бестігіне (экспортты қоса алғанда) Chevrolet, Hyundai, Kia, Lada және JAC автокөлігі кіреді.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-kolikterdi-shetelge-eksporttau-kolemi-23-payyzga-artty_a3957617

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT