Қазақстанда күзден бастап кез келген адамға несие берілмейді

Елімізде несие беру тәртібі күшейгелі жатыр.

Күзден бастап екінші деңгейлі банктер қарыз бермес бұрын клиенттің жалақысына ғана емес, төлем қабілеті мен өзге де табыс көздеріне мән беретін болады "Клиенттің шотында ақша бар ма, коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлеп жүр ме, барлығы ескеріледі. Дүние-мүлкінің бар-жоғына да мән береміз. Егер барлығы жақсы болса ғана несие беріледі", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков КТК телеарнасында берген сұхбатында.

Несие беру талаптарын қатайтып жатқан Ұлттық банк бұл жұрттың белшеден қарызға батуына жол бермейді дейді. Өйткені, дәл қазір елімізде 8 миллионнан астам адамның несиесі бар. Берешегін қайтара алмай жүрген көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүгедек жандардың 300 мыңға дейінгі қарызы мемлекет есебінен өтелетіні белгілі. Келесі аптаның соңына дейін жарты миллион адамның несие үстемесі кешіріледі. Қарызды жабу үшін 105 миллиард теңге жұмсалмақ.

Өз тілшіміз

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT