Қазақстанда электр қуаты қымбаттады

2019 жылдың қазан айынан бастап еліміздің үш облысында электр қуатының тарифтері қымбаттады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады, деп жазды LS басылымы.

Аталған комитеттің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифтері 3,2% өскен, яғни 1 кВт сағат 11,392 теңгеден 11,758 теңгеге дейін өскен.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстанда 0,18% артып, 1 кВт сағат 16,03 теңгеге жеткен. Маңғыстау облысында да 3,37% өсіп, 15,96 теңгеге жеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, қоғамдық маңызы бар нарықта бағаның құрылу ережелеріне сәйкес табиғи монополия субъектілері баға шегіне байланысты тауарлардың бағасын өздігінен көтеріп, төмендете алады.

Сонымен қатар, олар комитетке бағаны неліктен көтергені немесе түсіргені туралы бес жұмыс күні ішінде түсініктеме беру керек. «Бұл облыстардағы энергиямен жабдықтаушы ұйымдар шекті деңгейден аспайтын келісілген бағамен қайтып келді», - дейді комитетдегілер.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT