«Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі елордадағы «Барыс Арена» кешенінде елдің спорт қауымдастығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шара аясында спортшылар одағы Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.
«Елімізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жаңа реформалар күтіп тұр. Ол әлеуметтік әділдік пен баршаға тең мүмкіндіктерді басты бағыт ретінде ұсынады. Бүгінде спортшыларымыз Қазақстанның атынан түрлі халықаралық ареналарда өнер көрсетіп жүр. Мықты экономика мен бірліктің арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік. Оның ішінде спорт саласының жетістіктері де бар», - деді одақ мүшесі, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.
Шараға жиналғандар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.