«Қазақ хандығының құрылу себебін Әбілқайырға көңілі толмаған 200 мың халықтың үдере көшкені деп қана қарастыруға болмайды»

Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Ұлы ұлыс - Алтын Орда"халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде баяндады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Алғашқы хандарымыздың түпкі ойы – Алтын Орда жобасын қайта жаңғыртып, Жошы Ұлысының аумағын, онда тұратын халықты біріктіру еді. Жылдар өте бұл жобаны ұлы хандарымыздың бірі – Қасым хан жүзеге асырды. Ендігі біздің басты мақсатымыз – ұлттық болмысты қалыптастырып, тарихи жадыны қайта құру және қазақстандық патриотизмді нығайту, деп баяндады Д. Абаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT