Мұқыр ауылында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың қатынауын жеңілдету мақсатында ЖК “Аяла” техникаларының көмегімен ауыл ішілік және ауылға кіреберіс автокөлік жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар қысқы кезеңде көлік қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Қар тазалау жұмыстары алдағы уақытта да ауа райы жағдайына байланысты жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
К. ӘБІШ



